Тарихы

       Қазақстан сәні өз бастауын 1947 ж тігін зертханасынан алады,кейін зертхана киімнің, трикотаж және аяқ-киімнің Республикалық сән үйі болып құрылды,қазіргі күні «Сымбат» сән Академиясына айналды.

1987 ж Қазақстанда тұңгыш «Сымбат» сән театры құрылды.

Қазақстанда тұңгыш «Сымбат» сән журналы 1958 ж шықты.

Қазақстандағы алғаш киімдер топтамасының халықаралық сән фестивальда көрсетілімі 1972 ж Болғарияда, 1974 ж Лейпцигте, 1975 ж Италияда өтті.

Ұлттық мотивтегі киімдер топтамасының бірінші шығармашылық көрсетілімі 1988 ж Чехословакиядағы (БРНО) қаласында өтіп, бас жүлде «золотая лента» жеңіп алынды.

IMG_0695-03-12-16-01-33.jpeg  IMG_0696-03-12-16-01-33.jpeg IMG_0697-03-12-16-01-34.jpeg

    Қазақстан тарихында «Сымбат» алғаш рет 1972 ж Қазақстан сәнін шет елде көрсетті,кейінірек 2003 ж кәсіби fashion-подиум Мәскеу сән апталығына (Moskow fashion week)алып шықты. Тұрақты түрде «Сымбаттың» топтамалары Дубайдағы сән апталығында (DIFW) қатысады, 2007 ж алғаш рет Вашингтондағы (DS Fashion week) және Сібірдің (SFW) сән апталықтарына қатысты. Жыл сайын 20 шақты жеке көрсетілімдер Қазақстанда және 10 шақты көрсетілімдері шет елдерде өтеді.

«Сымбат»жаңару мен ұлттық киімдерді жобалаушы, ҚР Мемлекеттік Туының Эталонын дайындаушы және ҚР ТұңгышПрезиденті Н. Ә. Назарбаевтың штандартын дайындаушы «Сымбат» КСРО мен Қазақстан Үкіметі мүшелері ғана емес, Ұлыбритания, Ресей, АҚШ, Кореямемлекеті басшыларына да сыйлықбұйымдардайындаушы.

Бізде 40 аса халықаралық сапа, технология және шығармашылық жетістіктегі Германияның, Испанияның, Ресейдің және Қазақстан бойынша жүлделер бар.

 

 Рисунок1.jpg

   

 

Каталог
Цена
от
до
0