Тауар мен ақшалай қаражатты қайтару шартының тәртібі

1.Егер тауар қолданылмаса, оның тұтынушылық қасиеттері сақталса, қорабы бұзылмаса және сақталса, этикетканың түпнұсқасы мен бұл тауардың www.symbat-forma.kz. ғаламтор-дүкеннен сатып алынғанын растайтын құжаттар сақталса, онда Сатып алушының Тауарды айырбастау немесе қайтару талабы қанағаттандырылады.

  1. Мұндай талаптың мерзімі Тауарды Сатып алушыға тапсырған сәттен 14 күнтізбелік күн болып табылады.
  2. Сатып алушыға Тауарды қайтару себептері қандай болмаса да, келесі талаптар қойылады:

3.1. Белгіленген формада Тауарды қайтару туралы арыз:

А) Сатушының жеке кабинеті арқылы электронды поштасына жіберу;

Б) Көрьердің көзінше Сатып алушының толық аты- жөні, тегі, Сатып алушының жеке куәлігінің деректері (нөмірі, қашан және кіммен берілді), ЖИН, Сатып алушының мекен- жайы (Тауардың мекен-жайы), Тауардың атауы, саны, бағасы, тапсырыстың сәйкестендіру нөмірі, Тауарды қайтару себебінің (кемістігі) сипаттамасы көрсетілген өтініш жазу және сонымен бірге беріп жіберу (Тауарды Алматы қаласы бойынша Тауарды жеткізген курьермен қайтарған жағдайда).

3.2. Сатып алу шарты мен фактісін растайтын тауар чегі.

3.3. Сатып алушының жеке басын растайтын құжат көшірмесі, келесі мекен-жайға: 050004, ҚР, Алматы қ., Қонаев к., 43 (сайттың «кері байланыс» бөлімінде көрсетілген).

  1. Тауарды қайтару мерзімі Сатып алушыға Тауарды берген сәттен бастап 14 күнтізбелік күн аралығында жүргізіледі.
  2. Сатып алушы Тауарды алғаннан кейін және төлем жүргізілген соң Тауардың кем шығуын білген жағдайда, өзінің қалауымен құқылы:

А) Сатушыда сондай Тауар болған жағдайда, Тауарды тура сондайға ауыстыруды талап етуге;

Б) Тауарды басқа үлгіге, артикулға, сатып алу бағасына сай қайтадан есептеп ауыстыруды талап етуге.

  1. Тауардың жетіспеушілігі себептерінен туындаған даулы жағдайда, Сатып алушы Тауардың сараптамасын өз есебінен жүргізеді. Егер сараптама нәтижесінде кемшіліктер Сатушы жауап беретін жағдайлардың салдарынан болғаны анықталса, соңғы тарап Сатып алушының сараптама жасауға жіберген шығынын өтеуге міндетті.
  2. Тауарды қайтару тәсілдері:

7.1. Қайтару Алматы қ., Қонаев к., 43 мекен-жайында орналасқан «Сымбат» сән Академясы ЖШС ғаламтор-дүкенінің фирмалық пунктіне өздігінен әкету/қайтару;

7.2. Пошта арқылы жіберу (Сатып алушы өздігінен пошта қызметін төлейді);

Тауарды қайтарған жағдайда, Сатып алушы келесі құжаттарды береді:

-ақшалай қаржыны қайтару туралы арыз;

- Тауардың төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін;

- Жіберушінің төлемі туралы квитанцияның көшірмесін;

- Жіберудің тізімдемелерін;

- Тауар жөнелтпе құжатын;

- анықталған сай келмеушіліктердің актісі (сапасы сай емес Тауарды қайтарғанда, Тапсырыстың дұрыс жиынтықталмауы немесе басқа  қайтару себептері).

7.2.1. Тапсырыстың тізімдемесінсіз жиынтықтылама бойынша талап қабылданбайды.

7.2.2. Сіздің қайтаруды жіберуіңізден келесі себептер бойынша бас тартылуы мүмкін:

- пошта қаптамасы бүлінсе (тек түпнұсқалық пошта қаптамасын қолданыңыз, скотчпен және басқа материалдармен желімдеуден аулақ болыңыз (пошталықтан басқасынан)

- салынбалы төлеммен жіберілсе.

7.3. Сатушының курьерін шақырту (егер Тауар Алматы қаласы бойынша жеткізілсе және сонда қайтарылса). Алматы қаласы бойынша қайтаруға курьерді шақырту 1000 (бір мың) теңге тұрады.

7.4. Тапсырысты қайтару Тапсырысты жеткізген көліктік компания арқылы. Бұл жағдайда міндетті түрде қайтаруға 7.2. т. көрсетілген құжаттардан басқа көліктік компанияның  Сатушыға қайтарылатын тапсырысты жеткізуін төлеу туралы квитанцияның көшірмесі қоса беріледі.

  1. Тауардың сапасыз болуы немесе Тапсырыс дұрыс жиынтықталмаған жағдайда кері жеткізу бағасын Сатушы төлейді, қалған жағдайдың бәрінде- Тауарды қайтару бойынша барлық шығандар Сатып алушының есебінен жүзеге асырылады.
  2. Ақшалай қаражат Сатушыға қайтарылатын Тауар кеіп түскеннен кейін ғана қайтарылады.
  3. Ақшалай қаражаттың қайтарылу мерзімі Сатып алушының жазған қайтару туралы арызы мен Сатушының қоймасына қайтарылған Тауардың түскен күнінен бастап Банкке және қайтару тәсіліне байланысты- Казкоммерцбанкте шот/карточка болған жағдайда- 5 банктік күннен аспайды, қалған банктерде- 10 банктік күннен аспайды, пошта аударымы арқылы-20 жұмыс күнінен астам емес; Клиенттің есеп шотына ақшалай қаражаттың есепке алу мерзімі қаражат алушының банкінің ішкі реттемесіне байланысты.
  4. Қолма қол ақшаны қайтару: «Сымбат сән Академиясы» ЖШС фирмалық дүкенінен келесі мекен-жай бойынша мүмкін: Алматы қаласы, Қонаев көшесі,43.

12. Ақшалай қаражат қайтару тәсілі төлеу тәсіліне сәйкес келеді. 

Каталог
Цена
от
до
0