Президент

     BASN4822_copy.jpg

Сабыркүл Жайлаубекқызы Асанова – техника ғылымдарының докторы, өнертану профессоры, Қазақстан Республикасының Халықаралық инженерлік академиясы және Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Сымбат» сән Академиясы, «Алматы Университеті» ЖШС, «Сымбат» дизайн және технология Академиясының Президенті.

            С.Ж. Асанова Жамбыл облысының Мерке ауданында 1945 жылы дүниеге келген. Бала кезінен былғары, тері өңдеуді, кілем тоқуды, қазақ халқының ою-өрнегі мен ұлттық киімдерінің  қыр-сырларына үйренген.

            Ол тоқыма өнеркәсібі саласында ең ірі оқу және ғылыми-зерттеу орны Мәскеу тоқыма институтын аяқтаған. Еңбек жолын Мәскеу қаласында бастап, екі жыл аралығында, Мәскеу «Трикотажница» фабрикасында еңбекті ғылыми ұйымдастыру инженерінен бас инженер қызметіне дейінгі жолды өтеді.

            Еңбек жолының келесі кезеңдерін өз Отанында – 1972-1984 жылдары «Алмагүл» Алматы тоқыма фабрикасында бас иинженер, 1984-1986 жылдары «Қазақстан» фирмасының бас директоры, 1990 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша қалалық тұрмыстық қызмет көрсету  бөлімінің  меңгерушісі болып қызмет атқарады.

            1990 жылдан бастап Қазақстан fashion-индустриясының негізін қалаушы - сән және киім мәдениетінің, жеңіл өнеркәсіп тауарлары ассортиментінің даму Орталығының бас директоры қызметін атқарды.

            С.Ж. Асанова 1992 жылы «Сымбат» акционерлерінің жалпы жиналысында, Қазақстан сән  киімінің бірінші бренді, Орталықтан өзгертіліп «Сымбат» сән Академиясы аталған АҚ-ының   Президенті болып сайланды.

            С.Ж.Асанова 1996 жылы «Сымбат» сән бизнес  Академиясының  білім мекемесін құрды,  кейіннен оның атауы «Сымбат» дизайн және технология Академиясы болып өзгертілді.                   2013 жылдан бастап С.Ж. Асанова «Сымбат» дизайн және технология Академиясына үздіксіз білім беретін Алматы университеті қосылуы арқылы құрылған  «Алматы» университетінің Президенті.  Қазіргі кезде бұл : техникалық және кәсіби, жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беретін - көпсалалы білім беруші кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын заманауи  ЖОО және Колледж.

            Оның басшылығымен мемлекеттік міндетті түрдегі білім стандарттары және әскери қызметтегі адамдардың формалық киімін  дайындау үшін 50-ге жуық мемлекеттік стандарттар әзірленген.      1 докторлық, 9 кандидаттық және 44 магистрлік диссертациялар қорғаған, жеңіл және тоқыма өнеркәсіп салаларында, қазақ тілінде басылып шыққан алғашқы ұлттық 20 оқулықтың авторы.
            300-ге жуық ғылыми басылымдары, сонымен қатар монография, оқулық, оқу құралдары, патенттер, ұлттық киімдердің өнеркәсіптік үлгілерінде жасалған авторлық куәліктері бар.

             С. Ж. Асанова «Халықтар достығы» ордені, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен, «Еңбек ардагері», «ҚР Конституциясының 10 жылдығы», «Қазақстандағы инженерлік істің дамуындағы ерен еңбегі үшін», «Астанаға 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалдарымен марапатталды. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрмет белгісінің иегері.

Каталог
Цена
от
до
0